Көтеруші қабілеттің жоғарылауы, топырақтың азырақ тығыздалуы, төзімді компаунд және жүру жайлылығы: BKT компаниясының өнімді және орнықты ауыл шаруашылығына арналған жаңа шешімі
Сереньо, Италия, 2025 жылғы 08 мамыр — Астық өнімділігін оңтайландыруға және топырақтың денсаулығын сақтауға бағытталған заманауи ауыл шаруашылығында егін жинау науқаны ең маңызды сәттердің бірі болып табылады. Комбайндар сияқты ауыр техника көбінесе қиын жағдайларда жұмыс істейді, ал шиналар қарқынды және тұрақты жүктемеге ұшырайды. Сондықтан, бір жағынан, пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету, екінші жағынан, топырақты тығыздау салдарынан болатын зақымданудан қорғау маңызды.
Balkrishna Industries Ltd (BKT) компаниясы жақында егін жинау жұмыстарына арналған жаңа шинаны әзірледі. Ол жоғары қолданыс сипаттамаларына, сенімділікке ие, сондай-ақ экологиялық тұрғыдан таза.
Егін жинау кезінде астық бункерін толтыру және босату кезінде пайда болатын жүктеменің ауытқуы шиналарға елеулі теріс әсер етуі мүмкін, соның ішінде тез тозуға және ең нашар жағдайда егін қалдықтарынан немесе қоқыстан зақымдануға — кесіктерге немесе тесіктерге әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, фермерлер үшін ұзақ мерзімді перспективада өнімділікті төмендететін ауыр техниканың топырақ құрылымын тығыздау және зақымдау маңызды мәселе болып табылады.
AGRIMAX PROHARVEST максималды тиімділік пен сенімділікті қамтамасыз ету үшін озық техникалық шешімдерге сүйенеді: VF (Very High Flexion) технологиясының арқасында шина бірдей қысымда стандартты модельдерге қарағанда 40%-ға дейін көп жүк көтере алады. Осылайша, салмақтың жер бетіне кеңірек және біркелкі үлестірілуі қамтамасыз етіледі, тығыздалу қаупі айтарлықтай төмендейді, сонымен қатар оның құнарлылығы мен ауылшаруашылық өнімділігін сақтаудың кепілі болып табылатын топырақтың сақталуына ықпал етеді. AGRIMAX PROHARVEST шинасы күрделі пайдалану жағдайларына бейімделген. Ол деформацияға төзімділікті және механикалық зақымданудан тамаша қорғауды қамтамасыз ететін күшейтілген полиэстер қаңқамен және үш қабатты болат брекермен жабдықталған. Мұндай конструкция шинаның тіпті жоғары және циклдік жүктемелер түскен кезде де қызмет ету мерзімін ұзартады.
Резеңке қоспасының құрамына да ерекше назар аударылды. Ол кесілуге және жыртылуға, сондай-ақ егін қалдықтарынан немесе басқа абразивті материалдардан болатын зақымға жоғары төзімділікті қамтамасыз ететіндей етіп әзрленген. Бұл тесілу қаупін және техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарды азайтуға көмектеседі.
Ашық иық аймағы бар инновациялық AGRIMAX PROHARVEST протектор кескіні тегіс емес және ылғалды жерлерде іліністі жақсартады және далада жұмыс істеген кезде де, жабыны бар жолдарда да жүрген кезде жұмыстың барлық кезеңдерінде қауіпсіздік пен өнімділіктің жоғары деңгейін сақтауға көмектесетін түйспе дағынан кір мен қоқысты тез кетіруге кепілдік беру сияқты өзін-өзі тазартудың тамаша қасиеттерін қамтамасыз етеді.
AGRIMAX PROHARVEST тек далада ғана емес: ол сонымен қатар жолда тамаша басқаруды қамтамасыз етеді, біркелкі тозуға, жоғары дәлдікті рульдік басқаруды және жүрудің тамаша жайлылығына кепілдік береді. Мұның бәрі жолдағы қозғалысты қауіпсіз әрі оператор үшін жалықтырмайтын етеді және техниканың жалпы өнімділігін арттырады. CFO (Cyclic Field Operations) технологиясы – осы шинаның тағы бір артықшылығы. Ол құрылымдық зақымдануды болдырмай және өнімнің ұзақ өмірлік циклін қамтамасыз ете отырып, комбайн бункерін максималды толтыру кезінде, кейіннен босатқаннан кейін стандартты жұмыс жағдайларына оралу сияқты уақытша шамадан тыс жүктемелерге төтеп беруге мүмкіндік береді.
BKT компаниясының орнықты даму принциптеріне адалдығын AGRIMAX PROHARVEST растайды. «Өзінің инновациялық конструкциясының арқасында AGRIMAX PROHARVEST үлкен түйiспе дағы есебінен топыраққа қысымды төмендету арқылы ауыл шаруашылығы саласының қиындықтарын еңсеруге көмектеседі. Бұл топырақтың денсаулығын сақтап қана қоймайды, сонымен қатар астық өнімділігі мен экологиялық тұрақтылықты арттырады», — дейді BKT аға вице-президенті және технология директоры Дилип Вайдья (Dilip Vaidya).
Сонымен қатар, шинаның ұзақ қызмет ету мерзімі — қоршаған ортаға жалпы жағымсыз әсерді азайтуға көмектесетін төзімді компаунд пен күшейтілген конструкция сияқты мақсатты конструктивті шешімдерінің арқасында мүмкін болады. Бұған жиі ауыстыру қажеттілігін азайту және өнімнің өмірлік циклін өндіруге және басқаруға қажетті материалдар мен ресурстардың мөлшерін азайту арқылы қол жеткізіледі.
Осылайша, AGRIMAX PROHARVEST өз жерлерінің болашағына нұқсан келтірместен өнімділікті барынша арттыруға ұмтылатын барлық ауылшаруашылық ойыншылары үшін технологиялық тұрғыдан дамыған және экономикалық тұрғыдан тиімді шешім болып табылады.
Біз сізге ыңғайлы болу үшін cookies қолданамыз. Сайтта бола отырып, сіз біздің порталдарда cookie-файлдарды пайдалануға қатысты саясатпен танысқаныңызды растайсыз және оларды пайдалануға келісім бересіз.
толығырақ...