Боненкамп компаниясының клиенттік стандарты

Боненкамп компаниясының Клиенттік стандарты

Боненкамп компаниясының Клиенттік стандарты

БІР ЕЛ – БІР БАҒА

Әр жерде бәрлығы үшін істейміз

Тауардың бағасы өңірге және біздің қоймаларымыздан клиенттің алшақтығына байланысты өзгермейді, тек клиенттердің әрбір санатына берілген баға деңгейіне ғана байланысты.

ТЕГІН ЖЕТКІЗУ

Кез келген тапсырысты жеткіземіз

Боненкамп сатып алу сомасына және тауар бірліктерінің санына (1 данадан бастап) қарамастан, бізден сатып алынған тауардың көліктік компанияның терминалына немесе клиенттің қоймасына дейін тегін жеткізілімін қамтамасыз етеді.

ӘУЕЛІ АУЫСТЫРАМЫЗ – СОСЫН АНЫҚТАЙМЫЗ

Техника бос тұрмайды, жұмыс тоқтамайды

Өндірушінің стандарттық кепілдігіне толықтыру ретінде, Боненкамп қосымша кепілдік ұсынады. Шинамен проблема туындаған жағдайда біз әуелі оны ауыстырамыз, ал ақаудың себебін кейін анықтаймыз. Осының арқасында сіздің техникаңыз наразылықты қарау кезінде бос тұрмайды.

САТУҒА КӨМЕКТЕСЕМІЗ

Тауар қажетке жарамады ма – бізге қайтарыңыз. Біз сатуға көмектесеміз

Егер Bohnenkamp-тан кез келген тауарды сатып алғаннан кейін (алдын ала төлем бойынша немесе төлемді кейінге қалдырумен) 3 ай ішінде ол өзінің клиентін таппаса – сіз тауарды бізге қайтара аласыз, ал біз сізге ақшаңызды қайтарамыз. Қайтару сатып алушының есебінен және сатып алынған тауардың бастапқы күйі сақталған және онда монтаждау мен пайдаланудың қандай да болсын іздері болмаған кезде ғана жүзеге асырылады. Клиенттің жеке тапсырысы бойынша өндірілген немесе жеткізілген тауар, сонымен қатар визуалды ақаулықтары бар тауар ретінде, саналы түрде сатып алынған тауар қайтаруға жатпайды.

ӘРҚАШАН БАРЛЫҒЫ БАР

Егер бір нәрсе бітіп қалса – біз күткеніңіз үшін төлейміз

Егер қоймаларымызда біздің негізгі сұрыпталымымыздан қандай да болсын тауар бітіп қалса, біз оны орталық қоймаларымыздың біреуінен немесе зауыттан барынша жедел түрде әкелеміз және, егер сіз тапсырысты рәсімдеуге және күтуге дайын болсаңыз, біз сізге күткеніңіз үшін жеңілдікті ұсынамыз.

ШИНА АКАДЕМИЯСЫ

Күш – білімде

Егер сізде немесе клиенттеріңізде шиналар саласынан білімдер алуға қажеттілік болса – сізге біздің ШИНА АКАДЕМИЯМЫЗДА шина сарапшысы болуға көмектесеміз.

Біздің қызметкерлерімізге өтінім қалдырыңыз, және біз оқытудың жүргізу тәсілі мен уақытын келісу үшін, сізбен байланысамыз.

ШИНАЛАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ

Табиғатты сақтайық

Боненкамп пайдаланылған шиналарды жинау, шығару және кәдеге жарату процесін ұйымдастыру бойынша ТЕГІН қызмет ұсынады.