BKT компаниясы өзінің 2030 жылға дейінгі стратегиялық жол картасын ұсынады: күтілетін кіріс 2,6 млрд АҚШ долларын, ал келесі үш жыл ішінде жаңа инвестициялардың сомасы – 400 млн АҚШ долларын құрайды.

10.06.2025

2024–2025 қаржылық жылдар ішінде түсімнің өсуі: +13%. Тек қана үнді нарығы үшін жеңіл автомобильдерге арналған радиалды шиналар және жүк көліктері мен автобустарға арналған радиалды шиналар нарығының сегменттеріне шығу.

Мумбаи, 2025 ж.26 мамыр. – 23 мамырда, жұма күні болып өткен директорлар кеңесінің отырысында ВКТ компаниясы (Balkrishna Industries Ltd.) 2030 жылға қарай 23 000 крор үнді рупия мөлшеріндегі (шамамен 2,6 млрд АҚШ доллары) жиынтық кіріске қол жеткізуге бағытталған жаңа бес жылдық стратегиялық жоспарды ұсынды. Жоспар негізінде, ішкі қаржыландыру есебінен қамтамасыз етілетін, 3 500 крор үнді рупия мөлшерінде (400 млн АҚШ доллары) жиынтық инвестицияларды тартуды ұйғарады. Жоспар үш негізгі салаға шоғырланған: жол талғамайтын техникаға арналған шиналар секторында көшбасшылықты нығайту, техникалық көміртек саласындағы бизнесті кеңейту, сонымен қатар үнді тұтынушыларға арналған шиналардың жаңа санаттарын нарыққа шығару.

Жол талғамайтын техникаға (ОНТ) арналған шиналар сегментінде ВКТ компаниясы тау-кен өндіру өнеркәсібі және құрылыс саласы үшін резеңке шынжыр табандар сегментінде өз позицияларын нығайтып, халықаралық ауылшаруашылық секторында өз көшбасшылығын күшейтуді жалғастырады. Өзінің резеңке шынжыр табандарын нарыққа ресми түрде шығарған соң Директорлар кеңесі, күтілетіндей, 2026 жылдың екінші жартысында пайдалануға енгізілетін мамандандырылған өндірістік объектіні кеңейтуді мақұлдады. Сонымен қатар компания қазіргі Bias сұрыпталымын толықтырып, өлшемділігі 57 дюймге дейінгі жол талғамайтын радиалды шиналарды өндірудің меншікті технологиясының арқасында, тау-кен өндіру өнеркәсібіне арналған өз өнімінің сұрыпталымын дамытуды жалғастырады.

Географиялық тұрғыда өсу бойынша күштер Америкада, Үндістанда және жекелеген халықаралық нарықтарда шоғырланады, бұл ретте Еуропа нарығында тұрақты қатысуы сақталады.

Техникалық көміртек саласында соңғы үш жылда ВКТ компаниясы өзін Үндістанның ішінде, сондай-ақ халықаралық деңгейде шиналардың іші өндірушілері үшін стратегиялық серіктес ретінде мәлімдеп, берік және сенімді негіз құрады. Бұдан басқа, компания шиналарға қатысы жоқ өнімділігі жоғары шешімдерге бағдарланып, өзінің арнайы техникалық көміртек сегментінде қатысуын нығайтады. Техникалық көміртектің арнайы, сондай-ақ озық сұрыптары кіретін аталған сегмент, күтілетіндей, ВКТ компаниясы үшін техникалық көміртек өндірісінің негізгі өсу тетігі болады.

Осы жол картасын қолдау үшін Кеңес өндірістік қуаттылықтардың жылына 200 000-нан бастап 360 000 метрлік тоннаға дейін кеңейтуді, сонымен қатар жетілдірілген техникалық көміртекті әзірлеуді мақұлдады.

Аталған жобаны аяқтау 2026 жылдың басына жоспарланған.

Үшінші стратегиялық бағыт сегментке шиналардың жаңа санаттарының шығуына қатысты. Үнді ОНТ сегменттерінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген соң және Үндістан экономикасының екпінді өсуін назарға ала отырып, компания ішкі нарық үшін өнімнің екі жаңа желісін әзірлеу және шығару туралы жариялады: жүк көліктері мен автобустарға арналған радиалды шиналар (TBR) және жеңіл автомобильдерге арналған радиалды шиналар (PCR).

2025 жылғы төртінші тоқсанда және 2026 қаржылық жылы одан әрі бірте-бірте

ұлғайтылатын TBR шиналарының пилоттық жобасын іске қосу жоспарланады; 2026 жылғы

үшінші тоқсанда және 2027 қаржылық жылы оны да бірте-бірте кеңейту жоспарланатын

PCR шиналарының пилоттық жобасы іске қосылады. Осы жаңа сегменттер 2030 жылға

қарай жалпы сату көлемдерінен шамамен 20%-ды қамтамасыз етеді деп күтілуде.

Жоспар ортақ инфрақұрылымды және ресурстарды пайдаланатын интеграцияланған және жоғары тиімді өнеркәсіптік құрылымға, өндірістік орталықтар арасындағы қазіргі синергияға және брендке шоғырландырылған инвестицияларға негізделеді. Осындай тәсілдеме ВКТ компаниясына рентабельділік үшін залалсыз масштабталуға мүмкіндік береді.

Жаһанды макроэкономикалық құбылмалылыққа қарамастан, компания қаржылық жылды болжамдардан асып түскен рекордтық кірістермен және көлемдердің өсуімен аяқтады. 2024–2025 қаржылық жылдары ВКТ компаниясы 10 615 крор үнді рупия мөлшеріндегі түсім туралы хабарлады, ал бұл өткен жылдан 13%-ға көп. Осы көрсеткіштер оның даму моделінің беріктігін дәлелдейді.

«Аталған даму жоспарының көмегімен біз берік іргетасқа, модульділікке және үйлесімді өсуге негізделген ВКТ болашағының нақты және амбициялық пайымдамасын белгілейміз. Өнімдердің жаңа санаттарын бізді жол талғамайтын техника сегментінде ынталандырған және бүкіл әлем бойынша біз лайықты болатын сенімді нығайтқан тап сол мақсаттылық пен бірізділікпен игереміз» — деді ВКТ бірлескен басқарушысы Раджив Поддар.

Келесі өсу фазасын көздеп, BKT компаниясы жол талғамайтын техника сегментінде өзінің ұзақ мерзімді пайымдамасын ұстанады. Мақсаты 2030 жылға қарай жол талғамайтын шиналардың әлемдік нарығының 10%-на қол жеткізу болып табылады, ал стратегияның негізінде ВКТ позицияларын құны жоғары сегменттерде шоғырландыру және де стратегиялық әлемдік нарықта оның қатысуын кеңейту көзделеді. Нақты жол карталарының, нысаналы инвестициялардың және кеңейтуге модульдік тәсілдеменің арқасында ВКТ компаниясы бұл ретте өзінің негізгі құндылықтарына: атап айтқанда: сенімділікке, өнімділікке және ұзақ мерзімді серіктестікке адал болып, әртүрлі сегменттерде өзін көшбасшы ретінде жайғастырады.